Барлық жаңалықтар
«Тәжікфильм» киностудиясындағы кездесу
Студия директоры Махмадсаид Шохиёнмен техникалық жабдықтау және тәжік актерлерінің кастингіне қолдау көрсету мәселелерін талқыладық.



Туған жеріңнен мың шақырым қашықтықта сені қадірлі қонақтай қарсы алып, қиын сәтте көмектесуге және иық тосуға дайын әріптестердің бар екенін сезіну өте маңызды.
«Тәжікфильм» киностудиясындағы әріптестеріміз, сөзсіз, дәл осындай жандар.
2023 жылғы 19 сәуірде бас продюсер Алек Шахбазян студия директоры Махмадсаид Шохиёнмен кездесті.
«Құдайлар жайлауы» фильмін өндіруді техникалық жабдықтау, тәжік актерлерінің кастингіне қолдау көрсету мәселелері талқыланып, өндіріс үшін маңызды бірқатар шешім қабылданды.